Астана әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын басты шыршаны жағу рәсіміне шақырды

18 Желтоқсан 2017, 14:27
0
Астана әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын басты шыршаны жағу рәсіміне шақырды - Tengrinews.kz мұрағатынан
Tengrinews.kz мұрағатынан

Астана әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев Facebook желісіндегі парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын EXPO көрмесінің аумағында орналасқан ең басты шыршаны жағу рәсіміне шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Еліміздің бас шыршасын жағуға келіңіздер! 18 желтоқсанда Астанада ЭКСПО көрмесі аумағында жаңа шыршаны жағу рәсімі өтеді. Сонымен бірге "I’m a Singer Kazakhstan" жобасы финалистерінің жанды дауыстағы әндерін тыңдай аласыздар. Қонақ ретінде Ringo тобы өнерін көрсетеді! Жаппай коньки тебуге қатысып, түрлі ойындар, аниматорлар, фотоалаңдар және басқа да қызықтан құр қалмаңыздар. Достарыңызды шақырыңыздар, сол жерде кездесейік!", - деп жазды қала әкімі. 

Іс-шара 19:00-де басталады. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай