22 маусым 2015 16:19

Астана әкімі қалалық саябақтардағы инфрақұрылымды дамытуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Жақсыбеков. ©Tengrinews.kz Әділбек Жақсыбеков. ©Tengrinews.kz

Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысы барысында мемлекеттік қызметтің дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгілерін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысы барысында мемлекеттік қызметтің дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгілерін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметшілер күні - Мемлекет басшысы айқындаған кәсіби мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі принципі - халыққа қызмет етуді насихаттауға, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға септігін тигізуі қажет", - деді әкім.

Мемлекет басшысы бекіткен "Үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісімен "Есіл" ауданының әкімі Сабила Мұстифина, қала әкімінің кеңесшісі Михаил Черков, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов, әкімнің көмекшісі Үмбетбай Мағзұмов, Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Назымбек Кенжебаев, қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қайрат Көпбаев марапатталды.

Аппарат отырысы барысында елорда басшысы "ЭКСПО-2017" көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына ерекше тоқталды. Үш айға жалғасатын көрме аумағында 3 мыңнан астам мәдени-демалыс шарасы ұйымдастырылмақ. Әкімнің айтуынша, олардың әрқайсысы халықаралық деңгейде болуы шарт. Сонымен қатар, туристер мен қала тұрғындарының демалысын түрлендіру мақсатында ірі шаралар елорданың барлық аумағында өтуі керек. 

"Қазіргі кезде елордалық саябақтарға келушілер санын ұлғайтуымыз қажет, саябақтар тұрғындардың сүйікті демалыс орындарына айналуы тиіс. Ол үшін инфрақұрылымды жақсартып, шараларды көптеп өткізу керек", - деді қала басшысы. Жақсыбековтың айтуынша, қазақстандықтардың көрмеге келуі мен қатысуын арттыру мақсатында аймақтармен бірлесе қызмет ету керек. 

"Аймақтағы мектеп оқушылары мен студенттер үшін ЭКСПО аумағында эксркурсиялар өткізу мәселесін қарастыру қажет. Бір сөзбен айтқанда, барлық қалалық құрылымдар туристер мен астаналықтардың көрмеге қатысуын, сондай-ақ, қалалық саябақтар мен демалыс орындары насихаттауды қамтамасыз етуі керек", - деп түйіндеді әкім.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети