23 тамыз 2017 11:44

Астана әкімі мектептер мен балабақшаларды не күтіп тұрғаны айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әсет Исекешев қаланың білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана әкімі Әсет Исекешев қаланың білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімнің сөзінше, 2017 жылы екі мемлекеттік және ұлттық компания салып жатқан 1200 орындық үш балабақша пайдалануға беріледі. Ал аралас (мемлекеттік және жекеменшік) механизм бойынша алты балабақшаның құрылысы басталды. 

"Жаңа оқу жылына 42 мекепте су ішетін субұрқақтар ашамыз, 13 мектепте жеке заттарға арналған шкафтар қойылады. Жаңа оқу жылының аяғына дейін субұрқақтар барлық мектепте қойылады. Ал 2019 жылдың соңына дейін мектептердің барлығында оқушылардың жеке шкафтары болады", - әкім Астана педагогтарымен кеңес кезінде. 

Әкім қаладағы мектептердің 90 пайызы инклюзив білім беруге дайын екенін атап өтті. Қырқүйектен бастап қашықтықтан басқарылатын бухгалтерия енгізіліп, мектеп директорлары мен басшылықтан шаруашылық жүктемелердің бір бөлігін алып тастауға мүмкін береді. Оның үстіне мұндай бухгалтерия қаржылық менеджментті тиімді етіп, сатып алуды орталықтандыру арқылы жылына 200 миллион теңгені үнемдеуге жол береді. Үнемделген қаржы педагогтардың сыйақысына жұмсалады. 

Сонымен қатар, соңғы 9 жылда педагогтар саны екі есе артып, 14 322 адамға жеткен. Ал бұл сала қызметкерлерінің жетіспеушілігі 150 пайыз. 

"Әсіресе бастауыш мектептердің мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері жетіспейді. Алдағы үш жылда 3 мың мұғалім мен мыңнан аса тәрбиеші керек болады. Осы үшін колледждерде мемелекеттік тапсырыс беру арқылы мамандар даярлауды жоспарлап отырмыз", - дейді Исекешев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети