Астана әкімдігі EXPO кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелерін түсіндірді

19 Маусым 2017, 15:21
0
Астана әкімдігі EXPO кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелерін түсіндірді -

Астана әкімдігі EXPO кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 31 мамырындағы № 120-1090 "Астана қаласында халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 өткізу кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты бірқатар мәселелері туралы" Қаулысы қабылданғаннан бері тұрғындардан қала әкімдігіне әртүрлі өтініштер түсе бастаған. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында да әрқилы пікірлер қалыптасыпты.

Қаулыны қолдану сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерге елорда әкімдігі қала кәсіпорны, ұйымдары және жеке тұлғалар нысан құрылысы мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген жер учаскесі шекарасында жүргізе алатыны түсіндіріп жатыр.

"Аталған Қаулының талабы жер жұмыстарын жүргізуге, инженерлік желіні тартуға және қала аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қолданылады. Шектеу апаттық және жөндеу жұмыстарына қолданылмайды. Сондай-ақ 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін пайдалануға берілетін нысандарға таралмайды. Жұмыстар пайдаланатын мекемлердің өкілінің қатысуымен және бақылуымен жүргізілуі тиіс дейді қала басшылығы", - делінген хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай