06 ақпан 2018 17:46

Астана әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" құрылысшыларының саны қысқартылуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" нысанында жұмысшылар санының қысқаруына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімдігі "Әбу-Даби Плаза" нысанында жұмысшылар санының қысқаруына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, "Әбу-Даби Плаза" нысанының құрылысына 4 453 жұмысшы жұмылдырылған, оның 3 288 (келісім-шарт бойынша) "ArabtecConsolidatedContractorsLimited" компаниясы филиалының штаттық жұмысшылары (860 - қазақстандық, 2428 - шетелдік), қалған бөлігі 1 165 жұмысшы 87 қосалқы медігерлік ұйымдарға (1ұйымшетелдік компания) тиесілі, олардың 939 - қазақстандық, 226 - шетелдік

Сондай-ақ, әкімдіктегілердің мәліметінше, бүгінгі күнге "Әбу-Даби Плаза" нысанының құрылысы аяқталуға жақын.

"Осыған орай, бас мердігер 19 қаңтарда жұмысшылармен еңбек келісім-шарттарын бұзу үшін (еңбек шартының мерзімі: "Белгілі бір жұмыс мерзімі ішінде") "World monitoring" ЖШС, "Экспо Строй" ЖШС, "Казахстан Строй техно" ЖШС, "Казинжиниринг провайдер" ЖШС сияқты 4 мердігерлік компанияларды «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанында жұмыс көлемінің азаюы туралы хабардар етті.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында "World monitoring" ЖШС, "Экспо Строй" ЖШС, "Казахстан Строй техно" ЖШС, "Казинжиниринг провайдер" ЖШС компаниларының 62 жұмысшысы құрылыс нысанына кіре алмай қалады. Бұған себеп, басмердігер "Arabtec Consolidated Contractors Limited" компаниясы филиалының нысанға кірудің тоқтатуы болды. Осыған байланысты жанжал туындады.

Жанжалды шешу үшін "Arabtec Consolidated Contractors Limited" компаниясы филиалының кеңсесінде еңбек инспекциясы, прокуратура, мердігер ұйымдарының қызметкерлері мен жүмысшылардың кездесуі өтті. Әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін кездесудің қорытындысы бойынша жұмысшыларғажүмысты жоғалтуларына байланысты бір айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу туралы келісімге қол жеткізілді", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, әкімдіктегілер Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша осы жанжалды жағдайды шешу және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу бойынша Еңбек инспекциясының Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі басшысы Исмағұлов басшылық ететін жұмыс тобы құрылғанын айтып өтті. Құрамына келісім бойынша құқық қорғау органдарының, "Нұр Отан" партиясының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.Жұмыстың қорытындысы бойынша комиссия атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жариялайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети