Астана әкімдігі базарлар мен мейрамханалардың шетелдіктерді күтуге дайындығын тексерді

14 Мамыр 2017, 12:54
1
Астана әкімдігі базарлар мен мейрамханалардың шетелдіктерді күтуге дайындығын тексерді -

Елорда әкімдігінің өкілдері Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың жетекшілігімен қаланың базарлары мен мейрамханаларының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындығын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Комиссия базарлардың аумағын, жалпы санитарлық жағдайын және жүргізілген жөндеу жұмыстарын тексерді. Сонымен қатар, сауда алаңдарындағы үш тілдегі ақпараттық нұсқамалар мен маңдайша жазулар қаралды.


© astana.gov.kz

Мұнымен қоса, тексерушілер елордалық мейрамханалардың жағдайы мен шетелдік қонақтарды қарсы алуға дайындық деңгейіне, үш тілде ас мәзірінің хостестің сондай-ақ ағылшын және басқа да шет тілдерін меңгерген қызметкерлердің болуына назар аударды. Тексеру барысында қоғамдық тамақтану нысандарының қасбеттерін безендіру де қаралды.

Айта кетейік, маусымның 10-ы мен қыркүйектің 10-ы аралығында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтеді. Шараға 2 миллионға жуық турист келеді деп жоспарланып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай