24 сәуір 2014 14:25

Астана әкімдігі биыл 9 жаңа мектепті ашуды көздейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ns1.svit24.net сайтынан Фото ns1.svit24.net сайтынан

Ағымдағы жылы қыркүйектің 1-іне дейін Астанада 9 жаңа мектепті ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ағымдағы жылы қыркүйектің 1-іне дейін Астанада 9 жаңа мектепті ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютов атап көрсеткендей, "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүктелген міндеттер өткен жылы толығымен орындалды. "Ал ағымдағы жылы тамыз айында біз 9 мектепті пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Әзірше, құрылыс жұмыстары жоспар бойынша атқарылып келеді", - дейді В.Лютов. Өткен жылы Астанада 3 жаңа мектеп пайдалануға берілген болатын. 

Астана әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бүгінде елордада барлығы 83 жалпы білім беру мектебі бар. Онда 94 мың 712 бала оқиды. 71 мектеп мемлекеттік мекеме болса, 12-сі - жеке меншік мектептер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети