08 сәуір 2015 11:49

Астана әкімдігі жауапсыз құрылыс салушылар туралы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі жауапсыз құрылыс салушылар туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана әкімдігі жауапсыз құрылыс салушылар туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Үстіміздегі жылдың 2 сәуірінде әкімдіктің сайтында жарияланған 26 жауапсыз құрылыс салушылар тізімінен бүгінде екі құрылыс компаниясы: "PremierPalase" ТК салып жатқан "Elitemarketgroup" ЖШС және "FutureHome" ТК салып жатқан "Номад строй ЭК" ЖШС құрылыс жүргізуге рұқсат және растау құжаттарын, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің аталған тұрғын үй кешендерін салуға несие желісін беруі туралы құжаттарды ұсынды, бұл оларға салынып жатқан үйлерде пәтерлерді сатуға құқық береді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Бұл ретте көрсетілген тізімдегі бірқатар компаниялардың құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары бар, бірақ үлескерлер қаржысын тартуға лицензиялары жоқ, атап айтқанда: "Политренд Астана" ЖШС "Памир" ТК бойынша, "Астана Дориндустрия" ЖШС "Бейбарыс" ТК бойынша, "Континент INC" ЖШС "Өмір Өзен" ТК бойынша, "Азбука жилья" ЖШС "Экспо Таун", "Садовый квартал" және "Гарант" ТК бойынша, "SatConstactionGroup" ЖШС "Семейный" бойынша, "Main-street" ЖШС "Ориенталь" ТК бойынша, "Алга Токболат" ЖШС Қорғалжын тас жолының бойындағы тұрғын үй кешені бойынша (А, Б, В блоктарына), "Доступные квадраты" ЖШС "Пана" ТК бойынша, "AstanaTradeLtd" ЖШС "Кристалл" ТК бойынша.

"Бүгінгі таңда аталған құрылыс компаниялары пәтерлер сату (өткізу) туралы хабарландыруларды жариялауды тоқтатты. Қалған компаниялар бойынша құрылыс жүргізуге рұқсаттар және үлескерлерді тартуға лицензиялар жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, әкімдік сайтында хабарланғандай, заңсыз кәсіпкерлік қызмет деректері бойынша келесі құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық істер қозғалды (ҚР ҚК 214-бап): "ОралДизайнСтройсервис" ЖШС, "Стройкласс" ЖШС, "Акмолтеплосервис" ЖШС "Төленді" ТҚК бойынша, "Асар" РҚБ, "Аль баракат компани" ЖШС, "Биком Инжиниринг" ЖШС "Жайна" ТК бойынша.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети