Астана әкімдігі көпбалалы аналарға 100 мың теңгеден беріліп жатыр деген қауесетке қатысты пікір білдірді 19 ақпан 2019, 09:08

Астана әкімдігі мессенджерлерде тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл хабарламаларда төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалы аналарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 100 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілетіні айтылады.
Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомстводағылар хабарламаның жалған екенін атап өтті.