Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана әкімдігі құрылыс салушылар арасында күмәнділер барын ескертеді

15 Тамыз 2014, 12:58
0
Тұрар Қазанғапов ©
Тұрар Қазанғапов ©

Астана әкімдігі пәтер сатып алушыларды Елордада сенімсіз құрылыс компаниялары пайда болғандығын ескертеді деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"(...) 2014 жылы Астана нарығында "Альбаракат" компаниясы пайда болды. Олар бір шаршы метрі нарықтағы бағадан бірнеше есе арзан үй салып, сатуды жоспарлап отыр. "Альбаракат" төлем жүйесі 25-33 пайыз көлемінде алғашқы жарна төлеген соң қалған соманы ешқандай пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Үлескер инвестициялық шартта көрсетілген соманың 25 пайызы көлемінде алғашқы жарнаны құяды, қалған соманы бес жыл бойында өтейтін болады. Сонымен қатар кейбір пәтерлер "Барлығына бірдей баспана" әлеуметтік бағдарламасы бойынша сатылады. Бас жоспардағы өзгерулер мен рұқсат беруші құжаттағы кемшіліктерге байланысты бұл компанияның құрылысын салу үнемі кейінге шегеріліп келеді" деп хабарлайды Қазақстан құрылысшылары қауымдастығына сілтеме жасаған әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл компания "Шаржа" және ("Промышленный" тұрғын-үй жайы маңында) "Прага" ("Интернациональный" ауылы аумағында) тұрғын-үй кешендері бойынша қандай да бір рұқсат беруші лицензиясыз инвестициялық келісімшарт жасасып жатқан көрінеді.

Ал әкімдіктегілер "Шаржа" ТК бойынша құрылысшылардың рұқсат қағазы жоқ екендігін, жалған мөр мен қол қойылған құрылыс жобасы сызбасы анықталғанын, алайда ол туралы Астананың сәулет және қалақұрылысы басқармасының мәліметтер базасында дәйек тіркелмегендігін айтады.

"Шаржа" ТК құрылысын жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені мұндағы жер телімінің бір бөлігі "Қолжетімді баспана - 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана әкімдігіне қарасты "Елорда Даму" ЖШС-ға құрылыс салуға беріліп қойған" делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы осындай жолмен Астана халқын арзан бағаға үй сатып алуға мүмкіндік бар ұсыныс жасап, алдап кеткен алаяқтық фактілер бұған дейін де тіркелгенін айтады. Мұндай жағдайда құрылыс мүлде басталмайды да немесе іргетасы қаланып, ол сақалды құрылысқа айналады, кейбір жағдайда құрылысшылар уәде еткеннің барлығы соңында шартта жоқ боп шығады. Сондықтан ақырында осындай құрылысшылардың міндеттінін жүзеге асыру жауапкершілігін мемлекет немесе басқа құрылыс компаниялары өз мойындарына алуына тура келіп жатады.

"Астана қаласының әкімдігі баспана сатып алушыларды сақ болуға шақырады, қауіп-қатер тәуекелдерін әбден таразылап, шешім қабылдау керектігіне кеңес береді. Қарым-қатынастары азаматтық-құқықтық боп табылатындықтан бұл арада құрылысшы мен үлескер жауапкершілікті теңдей бөлісетіндігін ұмытпалық. Төмен баға, әрине ылғи алаяқтық бар дегенді білдірмейді, бірақ мұндайда сақтық жасау керек" деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі..

Астана билігі "Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатынас туралы" заң нормаларын азаматтардың есіне салады.

Бүгінгі таңда кез келген азамат Астана әкімдігінен құрылыс компаниясының құқығы мен  құрылыс жобасын нақтылайтын құжатты сұрастырып, талап ете алады. Мұндай мәліметтер әкімдіктегі сәулет және қалақұрылысы басқармасының мәліметтер базасында тіркеледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай