Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр

13 Маусым 2014, 21:43
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Құрылыс басқармасы салынғалы отырған нысандардың орналасқан мекен-жайларын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма таратқан мәліметке қарағанда, дәл қазіргі уақытта жалпы аумағы 50 мың шаршы метрді құрайтын 913 пәтерге шақталған 4 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлер барлық санаттағы тұрғындарға арнап салынбақ. Айнакөл көшесінде, Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшесі аралығында Лот № 1, 243 пәтерге шақталған 14 мың шаршы метрлік тұрғын үй және Сауран көшесі мен № 24-алаңның қиылысында 242 пәтерге есептелген 10,9 мың шаршы метрлік көпқабатты үй салынуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2014 жылдың екінші жартыжылдығында деп жоспарланған. Сондай-ақ, Сейфуллин мен Бейсеков көшелерінің қиылысында 198 пәтерлі, Айнакөл көшесі мен Жұмабаев даңғылы қиылысында 230 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй  бой көтеретін болса, ал Қордай көшесінде салынып біткен тұрғын үй 2014 жылы 1 шілдеде тұрғындарға пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Кезегі 2 маусымда жарияланған "Жас отбасыларға арналған жалдамалы үйлердің"  құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Екі тұрғын үй кешені осы жылдың қазан айында-ақ пайдалануға берілмек. Ол үйлер Тілендиев көшесінің оң қатпалында Сарыбұлақ өзені бойына жапсарлас салынған. Онда әр тұрғын үй 358 және 314 пәтерден тұрады.

Бұл нысандардан бөлек құрылысы 2013 жылы басталған, пайдалануға 2015 жылы беріледі деп жоспарланып отырған екі тұрғын үй кешені Брусиловский, Иманов пен Жұбанов (бас мердігер "АССМ-01 ЖШС) көшесі бойында 272 пәтерге шақталып салынуда.  

Астанада үй кезегінде тұрғандар үшін де жалпы аумағы 51,2 мың шаршы метрді құрайтын 960 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Ол үйлердің бір бөлігі Сарайшық көшесінің оң жақ бөлігінде салынуда (Астанадағы Жұмабаев  көшесінің шығыс бөлігіне орналасқан), бұл 430 пәтерлік Лот №2. Оны 2014 жылдың қазанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тілендиев көшесінің оң жақ қапталында ЛОТ-Б-7, 530 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй салу да жоспарда бар. Оны пайдалануға 2015 жылы бермек.  

Тұрғын үй кешендерін салуға қажетті құрылыс материалдарының 60 пайызы отандық болса, ал қалған 40 пайыз құрылыс материалдары шетелдерден әкелінген. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай