Астана әкімдігі мен "EXРO-2017" компаниясының арасында келіспеушілік жоқ - Талғат Ермегияев

14 Наурыз 2014, 12:56
0
Астана әкімдігі мен "EXРO-2017" компаниясының арасында келіспеушілік жоқ - Талғат Ермегияев - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
Астана әкімдігі мен "EXРO-2017" ұлттық компаниясының арасында ешқандай келіспеушілік жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғат Ермегияевқа сілтеме жасап.

"EXРO-2017" ұлттық компаниясы мен қалалық әкімдік өзара міндет бөлісуде келіспеушіліктер бар болатын. Осыған орай мемлекет басшысы әркім өз міндетін атқарып, бір-бірінің ісіне араласпау туралы да айтқан еді.

"Әкімшілік пен компания арасында міндеттерге қатысты ешқандай келіспеушілік жоқ. Көрме Астана қаласында өтетін болғаннан кейін екі тарап бірігіп жұмыс істейді", - деді Талғат Аманкелдіұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Көрмені өткізуге қатысты "EXРO-2017" ұлттық компаниясы бірінші кезекте қала шетінен берілген 174 га алқапты игеріп, салынатын құрылыс нысандарына жауап беретін болады. Ал Астана қалалық әкімдігі бұл орайда шаһардың тыныс-тіршілігін реттестіріп, қызмет көрсету сервисін жетілдіре түспек.

"Көрмеге келген туристер тек EXРO кешендерін араламайды. Олар қалада серуен құрып, көрнекті жерлерде де болады. Сондықтан қалалық әкімдік осы жағынан біраз міндеттерді атқарады", - деді "EXРO-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Ермегияев.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай