14 наурыз 2014 12:56

Астана әкімдігі мен "EXРO-2017" компаниясының арасында келіспеушілік жоқ - Талғат Ермегияев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана әкімдігі мен "EXРO-2017" ұлттық компаниясының арасында ешқандай келіспеушілік жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғат Ермегияевқа сілтеме жасап. "EXРO-2017" ұлттық компаниясы мен қалалық әкімдік өзара міндет бөлісуде келіспеушіліктер бар болатын. Осыған орай мемлекет басшысы әркім өз міндетін атқарып, бір-бірінің ісіне араласпау туралы да айтқан еді. "Әкімшілік пен компания арасында міндеттерге қатысты ешқандай келіспеушілік жоқ. Көрме Астана қаласында өтетін болғаннан кейін екі тарап бірігіп жұмыс істейді", - деді Талғат Аманкелдіұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде. Көрмені өткізуге қатысты "EXРO-2017" ұлттық компаниясы бірінші кезекте қала шетінен берілген 174 га алқапты игеріп, салынатын құрылыс нысандарына жауап беретін болады. Ал Астана қалалық әкімдігі бұл орайда шаһардың тыныс-тіршілігін реттестіріп, қызмет көрсету сервисін жетілдіре түспек. "Көрмеге келген туристер тек EXРO кешендерін араламайды. Олар қалада серуен құрып, көрнекті жерлерде де болады. Сондықтан қалалық әкімдік осы жағынан біраз міндеттерді атқарады", - деді "EXРO-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Ермегияев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети