02 маусым 2016 | 11:45

Астана әкімдігі оқушыларға ерекше сый жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада 1 маусым - 31 тамыз аралығында 7-15 жастағы балалар қалалық автобустарда тегін жол жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімідік жаз кезінде балаларға осындай тарту жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 1 маусым - 31 тамыз аралығында 7-15 жастағы балалар қалалық автобустарда тегін жол жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімідік жаз кезінде балаларға осындай тарту жасады.

"Биыл мамыр айында қалалық мектеп оқушыларына атаулы көлік карталары беріле бастады. 7-15 жастағы балаларға карталар оқу орындарында немесе ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен тегін беріледі. 2015 жылы фототіркеуден өтпеген және көлік картасын алмаған балалар мамандандырылған ASTRA PLAT кассаларына жүгінуі керек. Мамандандырылған кассалар мен карталарды беру пункттері орналасқан орындар туралы 20 маусымнан кейін қосымша хабарланады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, электронды жолақы төлеу жүйесін қолданысқа енгізуге байланысты бұл акция балалардың көлік карталарын пайдалану механизміне дағдылануына ықпал етеді. "Жазда балалар автобустарда көлік карталарын қолдануды (валидацияны) үйренеді, ал 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктермен 50пайыз жеңілдікпен жүретін болады", - деді әкімдік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети