24 қазан 2014 11:36

Астана әкімінің орынбасары миллиардтаған шығындар туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©clipartst.net ©clipartst.net

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаев қала шығындарының миллиардтап өсіп бара жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаев қала шығындарының миллиардтап өсіп бара жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын бізде саябақтар мен гүлзарлар 145 мың шаршы метрге ұлғаяды, қаланы жарықтандыру мен көріктендірудің шығындары 5 миллиардқа өседі, жаңа жолдар пайда болып жатыр - жыл сайын 30-дан 40 шақырымға дейін. "Қазақстан" концерт залы, Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты мәдениет нысандарын қамтудың сомасы миллиардтан асып кетеді. Спорт нысандары бойынша да солай, мысалы, "Алау" спорт кешені", - деді Нағаспаев Парламент Сенаты депутаттары мен министрлік және әкімдік өкілдерінің мемлекеттің жаңа бюджеттік саяаты мәселелері жөніндегі кездесуінде.

Оның айтуынша, бүгінде қаланың нақтыланған бюджеті - 396 миллиард теңге. 2014 жылдың нақтыланған бюджетімен салыстырғанда, өсім - 59 миллиард теңге, бұл - шамамен 18 пайыздық өсім.

"Біздің бәріміз Астананың қаншалықты жылдам әрі қарқынды дамып жатқанын жақсы білеміз. Көшелердің, саябақтар мен гүлзарлардың, жолдардың саны көбейіп жатыр, әлеуметтік және спорттық бірегей ірі нысандар тұрғызылып жатыр. Бұл нысандардың бәрін күту қаланың ағымдағы бюджетінің мойнына жүктеледі. Біз айтарлықтай көп нысан салып жатырмыз - мектептер, балабақшалар, бірақ үнемі бір мәселе туындайды - жыл сайын жергілікті бюджет есебінен жыл сайын жер телімдерін тәркілеу мен оларды бұзудың шығындары қаржыландырылады, бұл - мейлінше үлкен сома. Жер телімдерін тәркілеу бойынша біз жылына орташа есеппен 9 миллиард жұмсаймыз. Жұмыс процесінде бұл соманың үнемі өсіп отыратыны түсінікті", - деді баяндамашы.

Астана әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттің мүмкіндігі шексіз емес екенін және бұл шығындарды толық қаржыландыруға мүмкіндік бермейтінін айтты. "Соған байланысты біз жалпы сипаттағы трансферт көлемі туралы заңды қалыптастыру кезінде астананың қарқынды өсуін ескере отырып, базалық шығындарды ұлғайтуды ұсынамыз. Тәркілеулер жәрдемқаржысын анықтауда 1,5 арттырушы коэффициенті қолданылады, бірақ біз бұл коэффициенттің ең болмағанда 2-ге дейін өскенін қалаймыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети