09 қазан 2017 15:03

Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ©

Әсет Исекешевтің өкімімен Асқар Амрин Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың медиа орталығына сілтеме жасап.


Әсет Исекешевтің өкімімен Асқар Амрин Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың медиа орталығына сілтеме жасап.

Амрин Асқар Кемеңгерұлы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, Корнель құқық мектебін құқық магистрі бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта заңгер- консультант ретінде бастаған.

1997-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарды иеленген.

2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары.

2003-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары болды.

2007-2009 жылдар "Lancaster Invest" АҚ-да түрлі лауазымдарды иеленген.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры аппаратының басшысы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары болды.

2016-2017 жылдары Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети