03 қаңтар 2016 15:45

Астана әуежайында 10-нан аса рейс кешігіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана әуежайында 10-нан аса рейс кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана әуежайында 10-нан аса рейс кешігіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана әуежайы сайтындағы онлайн-таблода келтірілген мәліметке сүйенсек, Алматы, Өскемен, Ақтөбе бағытындағы 3 рейс, Атыраудан, Қостанайдан, Ақтаудан, Өскеменнен, Алматыдан және Оралдан Астана бағытында ұшатын 8 рейс кешігіп жатыр. 

Кешіктіріліп жатқан рейстердің SCAT (8 рейс), Air Astana (2 рейс), Bek Air (1 рейс) компанияларына тиесілі екені белгілі болды. Айта кетейік, ұшақтар 20 минуттан 7-8 сағатқа дейін кешікті.

Астана әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, Air Astana ұшағы Орал қаласының ұшып шыға алмай жатыр. "Бұл ұшақ әуежайдағы қолайыз ауа райының себебінен ұшпай тұр. Оралдағы борттың дер кезінде ұшпауынан қалғандары да кешігіп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

SCAT рейстерінің де кешігуіне қатысты түсінік берілді. "Әуе компаниясы кешіктірілудің себебін айтпай отыр. Дегенмен олардың Ақтаудан келетін борты әлі жоқ. Сондықтан да түстен кейінгі рейстер кешігіп жатыр", - деп хабарлады Астана әуежайының қызметкерлері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети