05 қазан 2016 11:33

Астана әуежайының құрылысы 2017 жылдың наурызында аяқталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана әуежайының құрылысы 2017 жылдың наурызАстана әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2017 жылдың наурыз айында аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.


Астана әуежайының құрылысы 2017 жылдың наурызАстана әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2017 жылдың наурыз айында аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әуежайының жаңа терминал құрылысы мен ұшып-қону жолағының қайта құрылу жобаларының іске асырылуы туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек есеп берді.
 
Министрлік басшысының ақпараты бойынша, ағымдағы уақытта жаңа терминалдың, VIP-терминалдың, жаңа тұрақ орындарының, инженерлік инфрақұрылымның құрылыс жұмыстары, перронды қайта құру және Астана әуежайының аумағын көркейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Нұрлы жол" аясында 60,2 млрд теңгені құрайтын аталған жобаның іске асырылуы 2015 жылдың қаңтар айында басталған болатын", - деді министр.

Министрдің мәлімдеуінше, бүгінгі күні ғимараттың темірбетон және металлдан жасалған қаңқасын тұрғызу жұмыстары аяқталған; ғимарат шатырын, оның алдыңғы жағын, су құбыры желілерін, жылу-, электрмен қамту және коммуникация желілерін құру жұмыстары; ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, багажды өңдеудің автоматты жүйесі жабдығының монтаж жұмыстары басталды.

"Атқарылған жұмыстардың жалпы көлемі 58 пайызды құрайды. Құрылыстың толық аяқталуы 2017 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр", - деді ҚР ИДМ басшысы.

Оның мәлімдеуінше, аталған жобаны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы Ұлттық қордан 10 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген, қазіргі таңда ол толық көлемде игерілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети