Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Астана басшылығы жаңа жол ережесі бойынша жазаламай тұра тұруды сұрайды

06 Қаңтар 2015, 18:13
0
©Марат Әбілов/Tengrinews.kz
©Марат Әбілов/Tengrinews.kz
Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары. ©Astana.gov.kz
Андрей Лукин, Астана қаласы әкімінің орынбасары. ©Astana.gov.kz

Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин полицейлерден жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салмай тұра тұруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ІІД басшылығына айтарым бар еді, ертеңгі күннен бастап азаматтарымыздың бәрінің бірдей енгізілген жаңа талаптармен жете танысуға, оны орындауға мүмкіндігі болмайды. Сондықтан да бірінші уақытта түсіністікпен қарайық деген өтінішіміз бар, айыппұл салмастан бұрын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек шығар, себебі жол ережесін бұзушылық көбейіп кетеді, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин қаланың құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-порцессуалдық кодекс, Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексін түсіндіру жөніндегі семинар-кеңесте. 

"Қандай да бір уақытты анықтаңыздар (түсіндіру жұмыстары үшін - Авт.). Қалалықтардан бұған салқынқандылық танытуды өтінемін", - деді ол.

Өз кезегінде Астананың Әкімшілік полициясы басқармасының бөлім басшысы Тахир Әбдірахманов Tengrinews.kz тілшісіне мынадай пікір білдірді: "Заңның аты - заң. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, сондықтан осы заңның шаралары қолданылады".

 

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап жаңартылған жол қозғалысы ережесі күшіне енді. 7 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген түзету күшіне енеді, оған сәйкес, 12 жасқа дейінгі балалар автокөлікте балаларға арналған орындықпен ғана тасымалдануы қажет. Мұнымен қатар, өзге де жол қозғалысы ережесіне байланысты өзгерістер енді: күндіз көліктің жарығын міндетті түрде жағып жүру керек, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тоқтатқанда жүргізушілер автомобильден шықпауы керек, жол бойында көлікті тоқтатуға болмайды және тағы да басқа талаптар бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай