13 қазан 2017 11:28

Астана базарында белгісіз біреулер өздерін имамбыз деп таныстырып жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астананың орталық базарында заңсыз дін уағыз айтумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметінің қкілдеріне сілтеме жасап. 


Астананың орталық базарында заңсыз дін уағыз айтумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметінің қкілдеріне сілтеме жасап. 

Биыл мамырда Астана ІІД кезекші бөліміне орталық базарда заңсыз намазхана бары туралы ақпарат түскен. Белгісіз біреулер өздерін "имамбыз" деп таныстырып, дінді уағыздап келген. 

"Сотта сыйыну (намазахан) бөлмесі жергілікті орындаушы билікпен келісілмеген болып шықты. Астана қалалық әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Астана сотының өкілдері. 

Заң бұзушылық бірінші рет жасалуына байланысты сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 819-бабы 2-бөлігіне сәйкес айыппұлдың тек 30 пайызға төмендетті. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети