11 қаңтар 2018 09:20

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аллен Шәйжүнісов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.


Аллен Шәйжүнісов "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін тиісті бұйрыққа Ұлттық компанияның басшысы Ербол Шорманов қол қойғаны айтылады. 

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов 2002 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік  халықаралық қатынастар институтын "халықаралық-заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2002 мен 2006 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Әртүрлі жылдары Маңғыстау облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партия Орталық аппараты Секретариатының меңгерушісі, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС-ның Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

2015 жылдан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Ілгерілету және туризм департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.

2017 жылдың 6 қарашасында "ЭКСПО-2020 Дубай" дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалды.

Еске салайық, 9 қаңтарда "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып Ербол Шорманов тағайындалған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети