Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры қызметінен кетті

15 Шілде 2015, 11:01
0
©Facebook.com
©Facebook.com

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2015 жылдың 9 шілдесінен бастап өзімнің жақсы көретін қоғамдық жұмысыма шықтым. Қоғам белсендісі ретінде EXPO-2017 жобасына көбірек пайда әкеле алатынымды түсіндім", - деп жазды Рахымбекова Facebook желісіндегі парақшасында.

Бұл қызметте әлеуметтік эффекті бар 24 іс-шараны ұйымдастырғанын, олардың ішіндегі бесеуінің ұлттық компанияның бюджетінен қаржыланғанын айтып өтті.

"За "зеленую" экономику и развитие G-Global" коалициясының жетекшілерінің бірі ретінде әріптестерім мен үзеңгілестеріммен бірге EXPO-2017 қайталанбас жобасына лайықты үлес қосамыз деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана Экспо - 2017" басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова ҰК-дағы қамауға алу оқиғаларының компания абыройына нұқсан келтіргенін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын. Кейін ол үй қамауына алынды. Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновті қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қабылдады. Кейін "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтің ұсталғаны белгілі болды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай