07 қараша 2016 16:23

"Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ және "Каспий құбыр Консорциумы-К" ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astana2050.kz © Astana2050.kz

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен "Каспий құбыр Консорциумы-К" АҚ бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс бойынша орынбасары Қайыргелді Қабылдин ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұнай тасымалдау бойынша аса ірі әлемдік жобалардың бірі КҚК ЭКСПО-2017 көрмесінің корпоративтік қатысушысы болып, демеушілік көмек көрсетеді.

"Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов консорциумның алда өткелі отырған көрмеге қатысуының маңызы жоғары екендігін атап өтті.

"КҚК-ның ЭКСПО-2017 ұлттық жобасының демеушісі болуды ұйғарғандығы бізді аса қуантады. Бүгінде әлемнің көптеген аса ірі компаниялары біздің әріптестеріміз бен демеушілеріміз болып отыр - олар, мысалы, SHELL, Chevron, CISCO, Samsung, General Electric, сонымен қатар бірқатар қазақстандық компаниялар. Демеушілік бойынша 125 млн. евро жиналып та қалды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біз сіздермен меморандумға қол қойып отырмыз", - деді Ахметжан Есімов.

15 жылдай уақыт бойы, 2001 жылдан бастап каспийлік құбыр арқылы Қазақстаннан сыртқы нарықтарға жарты миллион тонна мұнай экспортқа шығарылды.

"КҚК алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі демеушілерінің біріне айналатын меморандумға қол қою мүмкіндігіне ие болғанымызға біз қуаныштымыз. Біз корпоративтік қатысушы ретінде көрме жұмысына белсене қатысатындығымызға сенеміз және де бүгінде біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз үлесімізді қосып жатырмыз. Біз көрменің табысты өтетіндігіне шын ықыласпен сенеміз", - деп атап көрсетті Қайыргелді Қабылдин.

ХКБ (Халықаралық Көрмелер Бюросы) бекіткен Тіркеу ісіне сәйкес, "Астана-ЭКСПО-2017" демеушілік бағдарламасы бойынша 147 млг. евро тартуы қажет. Демеушілік санаттары 10.000-нан 15 000 000 евроға дейін ауытқиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети