04 маусым 2015 16:26

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері Муз-ТВ жүлдесінің шығынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері "Муз-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесіне кететін шығынды түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері "Муз-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесіне кететін шығынды түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында бас серіктес статусында көрменің ірі халықаралық шараларда халықаралық телетрансляциясымен дамыту бойынша қызмет құны 417 миллион теңге болатыны көрсетілген құжат пайда болды. Қолданушылар бұл шығындарды Астанада алда өтетін "Муз-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесімен байланыстырды.    

Алайда, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ баспасөз қызметінің өкілі Айгүл Мүкейдің айтуынша, көрсетілген сома Муз-ТВ жүлдесімен қатар, өзге де іс-шараларға жұмсалады.

"Бұл, әрине, мемлекеттік сатып алулар туралы ресми мәлімет, онда мына бап көрсетілген - "Көрмені бас серіктес статусында халықаралық трансляциясы бар халықаралық мәдени іс-шараларды дамыту бойынша қызметтер". Көрменің дамуы туралы айтқанымызда, шетелдегі осындай event-тер туралы айтып отырғанымыз белгілі. Мәселен, Геннадий Головкиннің жекпе-жектері. Шетелде дамыту түрі шетел турисінің 2017 жылы көрмеге келуі үшін көп болуы мүмкін. Бұл - газеттегі мақалалар, сыртқы жарнама болуы мүмкін", - деді Мүкей. 

Муз-ТВ жүлдесінің шығыны туралы сөзінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ баспасөз қызметінің өкілі мәселенің бір уақытта өтетін іс-шара туралы еместігін, жыл бойында өткізілетін кампания жайында екенін атап өтті.

"Біз мұны дамудың ең тиімді әдістерінің бірі деп есептедік. Аудитория белсенді, жас. Қазіргі уақытта біз Астанада өтіп жатқан event-тің ақпараттық серіктесі ғана емеспіз, біз ірі іс-шараның серіктесіміз, яғни бұл жыл бойында өтетін ірі кампания. Яғни келісімшартқа 2015 жылдың 26 желтоқсанына дейін қол қойылды. Осы уақыт бойында екі телеарнаның, атап айтсақ Муз-ТВ мен Ю телеарналарының эфирінде шамамен үш мыңға жуық ролик жүреді, сонымен қатар, телеарна эфирлерінде 4 мың шамасында қайталауы болады. Екі арнаның аудиториясының жалпы саны - 100 миллион адам. Біз үшін көрмеге шақыру үшін турист және қонақ ретіндегі ең басты көрші - Ресей. Сондықтан белсенді аудиторияны шақырамыз және осылайша брендті дамытамыз. Ресейде даму үшін бұл жақсы мүмкіндік", - деді Айгүл Мүкей. 

"Муз-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесі Астанада 5 маусымда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети