14 маусым 2015 17:35

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астана әкімі әрі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма басшысы Әділбек Жақсыбеков ұлттық компанияда бірінші жұмыс жиналысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана әкімі әрі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарма басшысы Әділбек Жақсыбеков ұлттық компанияда бірінші жұмыс жиналысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналысқа "Астана ЭКСПО-2017" топ-менеджменті, сонымен қатар, Астана әкімінің орынбасары қатысты. Баспасөз хабарламасында компания басшысының ұжымға басқарма төрағасының жаңа орынбасары Владимир Лютовты таныстырғаны жазылған. Ол осыған дейін  "Астана құрылыс басқармасы" МК басшысы қызметін атқарған. Ол өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазған Омаровтың орнына келді.

Елорда әкімі және басқарма төрағасы лауазымдарын қатар атқарып отырғандығы жөнінде түсініктеме бере отырып, Жақсыбеков былай деп атап өтті: "Президент бірінші кезекте қалалық қызметтер мен ұлттық компания арасындағы барынша тығыз өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында осындай шешімді қабылдады. Біздің алдымызда тұрған мақсаттар мен міндеттер біреу, жұмыс мерзімі де нақты белгіленген. Мұндай ынтымақтастықтың арқасында жұмыстың барлық бағыттарын сапалы түрде жүзеге асырып, істі оңтайландыруға мүмкіндік аламыз. Бұл қалалық қызметтер үшін де ыңғайлы, өйткені көрмеге дайындық - әкімдік пен компанияның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі, бұл жұмыстың ашық жүргізілуіне жағдай жасайды".

Сонымен қатар, Жақсыбеков "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының қыруар іс тындырып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп жатқандығын, корпоративтік басқару құрылымы бір ізге салынғанын, тиімді қызмет жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалғанын баса атап өтті. "Компанияның өзінің қалыптасқан ұжымы бар. Мен компанияны ауқымды деңгейде қайта ұйымдастырып, қызметкерлерді жұмыстан қысқартайын деп отырған жоқпын, бұл басты міндет емес. Біздің міндетіміз - Президент пен үкімет белгілеген бағытта ары қарай күш жұмылдыра жұмыс жасау", - деді компания басшысы.

Еске салайық, 2015 жылдың 11 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын. Ол үй қамауына алынды. Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети