29 қыркүйек 2017 17:50

Астана жолдарында бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі уақытта қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап. 

"Көлік құралдарына және басқа бағыттардан келе жатқандарға, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол берумен бағдаршамның қызыл түсіне көліктің бұрылуына рұқсат ету үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгеріс енгізу бойынша мәселе қарастырылуда. Бұл шешім көліктердің тұралап қалу уақытын әлдеқайда төмендетуге көмектеседі", - деді "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар, Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табатыны айтылады.

Осылайша BusLane жобасы жалғасады. Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети