01 шілде 2014 18:54

Астана қаласының туған күніне орай атылатын отшашудың орны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордамыздағы мерекелік отшашу. Сурет: vesti.kz Елордамыздағы мерекелік отшашу. Сурет: vesti.kz

Елорадамыз Астана қаласының туған күніне орай үш нүктеден мерекелік от шашу атылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елорадамыз Астана қаласының туған күніне орай үш нүктеден мерекелік от шашу атылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласының 16-жылдық мерейтойына байланысты өтетін мерекелік отшашу бәрінің де көңілінен шығады. 

"Мерекелік отшашу кез-келген мейрамның шарықтау шыңы, балаларды да, ересектерді де таң қалдыратын оқиға. 6 шілдеде сағат 22.30 Астана күніне орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашуды алғаш рет қаланың үш нүктесінен ату жоспарланып отыр. Біріншісі Есіл өзенінде Астаналық паркке қарсы, екіншісі - Хан Шатырға қарсы және үшіншісі "Қазақстан" СК кешеніне қарсы жерде орналаспақ", - делінге хабарламада. 

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, биыл пиротехникалық шоу бәрінің де көңілінен шығады. Оның бір ерекшелігі - судағы арнайы эффектілер. Есіл өзенімен отты кемелер жүзеді, гүлді гейзерлер атылады, су үстінен Астананың символы - "Бәйтерек"  жасалады. "Қазақстан Салют" компаниясының президенті Вадим Гостевтің айтуынша, мерекелік салют атуды ұйымдастыруға 20-ға жуық кәсіби пиротехник тартылды. Жалпы, 5 мың пиротехникалық снаряд қолданылмақ. Салюттың ұзақтығы 5-20 минут болады.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети