17 наурыз 2014 15:59

Астана КамАЗ көліктерін қайтарып беруді сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kolesa.kz сайтынан Фото kolesa.kz сайтынан

Астанадағы "КамАЗ" сауда компаниясы" ЖШС Қазақстанға арналған жүк машиналарды заңсыз тәркілеп алу мәселесіне Украинаның құқық қорғау органдарының араласуын сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми хабарламасына сілтеме жасап. Айта кеткен жөн, өткен жексенбі, наурыздың 16-сы күні Украинадағы "КамАЗ" компаниясының Қазақстанға арналған 50 жүк машинасын Чернигова қаласынан шығар жолда қару асынған белгісіз адамдар заңсыз басып алған болатын. Олар өздерін Майданның өзін-өзі қорғау жасағы деп таныстырды. Өз әрекеттерін олар "Ресей біздің Қырымдағы мүлігімізді тартып алып жатыр. Біз болсақ, мына жақта ресейлік автомобильдерді тәркілеп аламыз" - деп түсіндіріп отыр. "Қарулы азаматтар тарапынан заңға қайшы әрекеттер жасалды. Олар Украинада жеке меншік компаниялардың мүлкін басып алып жатыр. Бұдан Украинамен бизнес жүргізіп жатқан қазақстандық компаниялар зардап шегіп отыр. Астанадағы "КамАЗ" сауда компаниясы" ЖШС бұл мәселеге Украинаның құқық қорғау органдарының араласуын, сондай-ақ украиндық және қазақстандық компаниялардың заңды мүддесін қорғауын сұрайды", - делінген компанияның ресми хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети