01 наурыз 2018 17:11

Астана Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайды - Асқар Мамин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

28 ақпанда ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана қаласы әкімінің есептік кездлесуіне қатысып, сөз сөйледі. Ол қатысушыларға есептік кездесудің маңызды екенін және осы жылы елорданың 20 жылдығы болғалы жатқанын айта кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


28 ақпанда ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Астана қаласы әкімінің есептік кездлесуіне қатысып, сөз сөйледі. Ол қатысушыларға есептік кездесудің маңызды екенін және осы жылы елорданың 20 жылдығы болғалы жатқанын айта кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

"Осы жылы біз астананың мерейтойын тойлаймыз. Мемлекет басшысы қаланың дамуына ерекше мән беріп отыр. Астана еліміздің тәуелсіздік символы мен мақтанышы. Қазақстан астанасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикасы мен саяси жетістігін, күш-қуатын сипаттайды", - деді Асқар Мамин. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша астананың тұрақты дамуы үшін Үкімет әлеуметтік объектілерді, транспорт, энергетикалық инфрақұрылымды қолдау мәселелерін бақылауда ұстап отыр. Проблемалы үлескерлік құрылыс нысандарын аяқтау үшін қосымша 40 миллиард теңге бөлді. Бұл Астана қаласындағы 5 мыңнан астам үлескерді баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Проблемалы құрылыс нысандарын алдағы 2-3 жылда аяқтау жоспарланды", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Есептік кездесуде қала әкімі Астана қаласының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндап, осы жылғы жоспары туралы ақпараттандырып, қалалықтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешудің іс-шарасы туралы айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын басты назарға алған қала әкімі Астананы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы қабылданғанын айтты. Бағдарламаның негізгі бағыты - әрбір адам мен отбасылық ортаны жақсарту. Оның ішіне білім, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, экология, қауіпсіздік, тұрғын үйлерді жақсарту кіреді.

"Екіншісі - халықтың табысының артуы. Біздің міндет - әрбір тұрғынның табысы өсуі үшін жағдай жасау, жеке бизнесін ашуға мүмкіндік беру", - деді Исекешев. 

Бірінші рет трансляцияда халықты көбірек қамту үшін екі университеттен тікелей қосылу жүргізілді. Одан басқа, Facebook әлеуметтік желісінен де тікелей трансляция қосылды. Осыдан бірер ай бұрын "Әкімге сұрақ қой" акциясы басталып, онда қалалықтардың өз сұрақтарын қоюына мүмкіндік жасалды және тағы да уақытын бірнеше аптаға созды. 

Елорда әкімінің есептік кездесуіне 2,4 мың адам қатысты. "Астана" концерт залында - 1600, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де - 500, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де - 300 адам қатысты. 189 адам әкімге сұрағын ауызша жолдады, Әсет Исекешевтің жеке қабылдауына 55 адам қабылданды, 90 жазбаша хат түрінде шағымдар түсті. Ал әкімнің орынбасарына 30 азамат қабылданды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети