Астана күні елімізде ауа райы қандай болады?

04 Шілде 2018, 12:34
0
Астана күні елімізде ауа райы қандай болады? -

Синоптиктер мереке күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің орталық, солтүстік, батыс облыстарында алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.

"Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыс облыстарында болған аномальды ыстық ауа-райымен байланысты антициклон жылжыды. Сондықтан алдағы демалыс күндері солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарында ыстық және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарда максималды температура плюс 30…38 градусқа дейін, орталық және орталық-шығыс облыстардың кей жер-лерінде плюс 40…43 градусқа дейін жоғарылайды. Ал батыс облыстарға атмосфералық фронттар жылжып, соларға байланысты кей жерлерде найзағайлы және екпінді желді өткінші жаң-быр, сондай-ақ, күндіз ыстықтың 30…36 градусқа дейін әлсіреуі күтіледі, бірақ Маңғыстау облы-сында 40 градустық ыстық әлі де сақталады", - деді синоптиктер.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай