18 маусым 2014 17:56

Астана күніне дейін 16 га жерге 8 млн тал гүл егіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана күні мерекесіне дейін 16 га жерге 8 млн тал гүл егіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астана күні мерекесіне дейін 16 га жерге 8 млн тал гүл егіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Астана көгалдандыру құрылысы" АҚ күніне 5-6 мың гүлге дейін отырғызып келеді. Көктем туысымен-ақ гүл егуді қолға алған бағбандар жаңа технологияны жетілдіріп отыр.

"Биыл біздің жоспарда аспалы гүлдер егу қолға алынды. Бұдан бөлек әр жерге тізіп-тізіп орнатқан шар гүлдеріміз бар", - дейді "Астана көгалдандыру құрылысы" АҚ басшысының бірінші орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Мамыр айынан басталған науқан қала күніне дейін аяқталады деп күтілуде.

"Астана қаласының ауа райы жасыл желектерге, жасыл гүлдерге өте ыңғайсыз. Қысқа жазы, ұзақ қысы бар. Соған қарамастан іздеп, талпынудың арқасында өзіне лайықты гүлдерді таптық деп ойлаймыз. Мына гүлдердің барлығы бірінші қарға дейін тұруы керек. Солай қардың астында кетеді", - дейді Бибігүл Бектемісова.

Айта кететіні, биыл алғаш рет тамшылап суару технологиясы енгізілген. Тиімді әрі шығынды үнемдеуге септігін тигізетін жаңа әдіс Еуропа елдерінен әкелінген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети