Астана күніне орай өтетін гала-концертке балалар мен жасөспірімдер қатыса алмайды

06 Шілде 2018, 13:49
0
Астана күніне орай өтетін гала-концертке балалар мен жасөспірімдер қатыса алмайды -

Астана күніне орай өтетін гала-концертке балалар мен жасөспірімдер қатыса алмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына! Астана қаласының Ішкі істер департаменті елорданың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың аясында 16 жасқа толмаған азаматтарды "Қазақ елі" монументінің алаңында өтетін гала-концертке бармауды, кішкентай сәбилері бар ата-аналарды сол концертке балаларын ертіп келмеуін сұрайды. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған санатқа жататын азаматтар гала-концерт өтетін аумаққа кіргізілмейтін болады", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сондай-ақ, көліктердің көптеп жиналуын, кептелістерді болдырмау үшін Астана қаласының ІІД азаматтарға қоғамдық көлікте жүруге кеңес береді. Гала-концерт көрермендерін елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы автобустар белгіленген орынға жеткізетін болады. Қоғамдық көліктер мына нысандарға аялдайды:

1) "Жастар" сарайы (Республика даңғылынан)

2) "Қазақстан" спорт сарайы (Қажымұқан көшесінен)

3) Елорда циркінің Қорғалжын тас жолы көшесіндегі тұрағы

4) Достық көшесіндегі "Нұр Астана" мешітінің тұрағы

Жол ақысы - 90 теңге, жол жүру билеттері - жарамсыз.

Сонымен қатар, "Қазақ Елі" монументі алаңының ауданына қызмет көрсететін қалалық он бағдардың жұмысы түнгі сағат 2-ге дейін ұзартылатын болады.

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мен қонақтарына сағат 18:00-ден гала-концерттің соңына дейін М-1 көпірінен Аманжолов көшесінің аралығындағы Байтұрсынов көшесінде, Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің аралығында жатқан Аманжолов көшесінде, М-3 көпірінен Аманжолов көшесіне дейінгі аралықта жатқан Нәжімеденов көшесінде, Қошқарбаев пен Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы Тәуелсіздік даңғылында (қоғамдық көліктерден басқа) көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері Аталған ауданға сапарлауды жоспарлайтын азаматтарға өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр. Гала-концерт аяқталған соң Астананың триатлон саябағы, Есіл өзені жағалауы, Нұржол желек жолы аумағынан мерекелік от шашуды тамашалауға болады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай