Астана маңында далада қалып қойған жүргізушіні құтқарған бойжеткен Желі қолданушыларын тәнті етті

13 Желтоқсан 2016, 10:12
0
Астана маңында далада қалып қойған жүргізушіні құтқарған бойжеткен Желі қолданушыларын тәнті етті -

Астана тұрғыны (ол өз есімін атамауды сұрады) мүлдем танымайтын адамына көмектесті. Ер адам Facebook желісіндегі "Астана, хочу похвалить/пожаловаться" тобында көмек сұраған. 

12 желтоқсанда ер адам "Жігіттер, көмектесіңдер, көлігіммен айналма жолдың артындағы ескі бекетте шыға алмай қалып қойдым. Боран соғып тұр. Мені шығарып ала алатын кім бар", - деп жазды ер адам. 

Ер адам өзінің нақты қай жерде екенін картадан көрсетіп, ТЖ орнынан суреттерді жариялады. Жүргізушінің айтуынша, ТЖМ мен эвакуаторға хабарласса да, олар көмектесе алмапты - біреуі көмектесуден бас тартса, біреуі көлікті емес, тек адамды эвакуациялауға келісім беріпті.


Жүргізуші Астана-Бурабай тасжолынан 300 метр жерде тұрып қалған. © facebook

"Үсті-басымыз су, көліктер тоқтамайды, тоқтаса да, ТЖ орнына барғысы келмейді. Өкпем жоқ. Өмір солай. Біз кеше "Астана-Балқаш" тасжолынан адамды құтқарып едік, енді өзіміз сондай жағдайға тап болдық. Өкінішті", - деп жазды ер адам.

Уақыт өткен сайын жағдай қиындап, жел күшейіп, аяз түскен. Көліктің бензині де бітіп, ұялы телефонының қуаты сөне бастаған. Ер адам мен оның жолаушысы далада үсіп өлер еді.

Қолданушылар ер адамға түрлі кеңес айтып, тіпті дұға оқып жатты. Тек бір қыз нақты қадам жасауға бел буды. 

"Көмек сұраған жазбаны оқыдым. Өзімнің де жолда қалып қойған жағдайымды еске алдым. Көмектескім келді. Туысыма хабарластым, ол бос екен. Бекеттің алдында екеуміз кездесіп, жігіттерді құтқаруға бет алдық. Мен өз көлігіммен, ол Камазбен. Өзім жолда қалып қоя жададым, жүк көлігімен шығарып алдық. Оқиғаның жақсылықпен аяқталғаны дұрыс болды", - деді қыз Tengrinews.kz тілшісіне. Оның айтуынша, көмектесуге 2 сағаттай уақыт кетіпті.

Хэппи-энд жайлы білген қолданушылар астаналық бойжеткенді ерлік жасағаны үшін мақтай бастады. "Ол бөтен адамды құтқарды. Тіпті барлық құтқару қызметі де бас тартқанда да, қаншама көлік тоқтамай өткенде де, қыздың бұл ісі ерлікпен пара-пар. Бұл әрекет басқа адамдарға қайырымды болуды үйрететін шығар", - деп жазды қоланушылардың бірі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай