12 сәуір 2016 14:22

Астана маңындағы әскери бөлімде лаңкестікке қарсы операция өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Астана қаласының маңындағы 68665 әскери бөлімінде 2016 жылға арналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің басқару органдары, құрамалары мен бөлімдерінің дайындық жоспарына сәйкес әлеуетті министрліктер мен ведомстволардың күштері мен құралдарын тарта отырып, жергілікті жердегі екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.


Бүгін Астана қаласының маңындағы 68665 әскери бөлімінде 2016 жылға арналған ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің басқару органдары, құрамалары мен бөлімдерінің дайындық жоспарына сәйкес әлеуетті министрліктер мен ведомстволардың күштері мен құралдарын тарта отырып, жергілікті жердегі екі дәрежелі командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқу-жаттығудың ерекшелігі бригада бөлімшелерінің лаңкестікке қарсы операциялардың тапсырмалардың орындауы, арнайы әскери іс-қимылдарды ұйымдастыруы болмақ. Әскери қызметшілер іс жүзінде өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың басқару органдарымен, аумақтық әскерлермен жедел және тактикалық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтайды. Төмен қарқындылықтағы қарулы жанжалдарда Қарулы Күштерді қолданудың халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау мен жетілдіруге ерекше көңіл аударылды. Еліміздегі оқу-жаттығудың ниеті бойынша әлеуметтік-саяси жағдай шиеленіскен. Бірқатар елді мекендерде апаттық митингілер өткізілуде.

Мұның барлығы дүкендердің жаппай ойрандалуы мен әкімшілік ғимараттар мен көліктің өртенуіне ұласуда. Бұның бәрі лаңкестікке қарсы операцияның жүргізілуі мен арнайы әскери іс-қимылдардың ұйымдастырылуына себепкер болуда. Аңыз бойынша елдің жолы қиын аудандарында атыс қаруымен, қол гранатаатқыштары, тасымалданатын минаатқыштармен жарақталған 100-150 адамнан құралған жауынгерлік жасақтар жасақталады. Топтамалардың бірі ірі елді мекеннің жеке ғимаратында орналасты.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың міндеті - ауданды қоршауға алу, заңсыз қаруланған құралымның топтамасын бұғаттау және қырып-жою болып табылады. Оқу-жаттығуды өткізу кезінде лаңкестікке қарсы операцияны жүргізу үлгілері мен тәсілдерін дамытудың негізгі үрдісі ескерілетін болады. Ол блок-бекеттердегі бөлімшелердің оқшаулау-бұғаттау іс-қимылдары, маңызды мемлекеттік нысандарды күзету мен қорғау және бандқұралымдардың топтамаларын жою.

Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының, 68665 әскери бөлімінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері, Астана қаласының Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық ұланы тартылатынын айта кетейік. Оқу-жаттығуға барлығы 1000-нан аса жеке құрам және 200-ден астам бірлік әскери техника қатысады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети