11 қаңтар 2018 23:39

Астана мектептерінде сабақ болмайтыны жөнінде ақпарат жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Желіде 12 қаңтар күні Астана мектептерінде сабақ болмайтыны жөнінде жалған ақпарат таратылған. Бұл жөнінде Астана Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Facebook парақшасы арқылы хабарлады.


Желіде 12 қаңтар күні Астана мектептерінде сабақ болмайтыны жөнінде жалған ақпарат таратылған. Бұл жөнінде Астана Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Facebook парақшасы арқылы хабарлады.

"Құрметті ата-аналар! Желіде Білім басқармасының атынан мектептерде сабақ болмайтыны жөнінде жалған ақпарат таратылған. Сабақтардың болмайтыны туралы ақпаратты біз таңертең, таңғы сағат 6.15-тен бастап таратамыз", - деп жазды ол.

© facebook.com/azhangozin

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Астанада қатты боран соқты. Қолайсыз ауа райына байланысты мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар болған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети