Астана мектептерінде смартфон ұстауға тыйым салу ұсынылды

03 Наурыз 2017, 12:10
0
Астана мектептерінде смартфон ұстауға тыйым салу ұсынылды -

6 наурызға дейін Астананың барлық мектебінде оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салуға арналған жиналыстар өтеді, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі.

Прокуратураның тапсырмасымен Астана қаласының білім басқармасы барлық мектеп директорына хат жіберген, онда мектеп қабырғасында оқушылардың смартфон ұстауына тыйым салу туралы ата-аналардың пікірі сұралған болады. 

 

"Бізде бірнеше мектепте осындай тәжірибе бар, онда ата-аналар мектеп қабырғасында жүрген балаларына қымбат телефондар мен смартфондарды сатып әпермейжі. Тәжірибе оң пайдасын берді. Біз мектеп мұғалімдері мен ата-аналар бірлесе отырып осы мәселенің шешімін тапса дейміз", - дейді Астана қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин. 

Жанғозиннің айтуынша, смартфон ұстау-ұстамау мәселесін ата-аналар шешетін болады. "Егер көп дауыспен осы қабылданатын болса, біз осыған көшетін боламыз. Әрине қарсы болатындар табылады. (...) Бала байланыста болсын десе қымбат емес телефон алып берсін, сабаққа кедергі жасамауы тиіс. Біз мұның бұйрық деуден, смартфондарға тыйым саламыз деуден аулақпыз. Бізге ең маңыздысы ата-аналар жиналысында осы мәселені талқылап, бір пікірге келуі", - деді ол. 

"Балалар сабақта басқаға алаңдап отырады. Қазір ұрлық және жоғалтып алу жағдайлары көп. Егер телефон жоғалып жатса, ата-аналар мұғалімдерді, сынып жетекшісін, директорды кінәлаған кездер болған. Біз қымбат телефон алып бердік, бала жоғалтып алды дейді", - деп қосты Жанғозин.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай