18 қаңтар 2017 10:05

Астана мен Алматыдағы ХҚКО-лардың жүктемелерін енді онлайн көруге болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана мен Алматыдағы ХҚКО-лардың жүктемелерін енді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы сайтынан онлайн көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана мен Алматыдағы ХҚКО-лардың жүктемелерін енді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы сайтынан онлайн көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін динамикаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты бетінде орналастырылған.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ мемлекеттік қызметтер әдіснамасы және мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың айтуынша аталған сервис азаматтарға қолайлы болу үшін құрылған және олардың ХҚКО-ға баруын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. "Осы диаграмма бойынша адам мейлінше тез қызмет алу үшін қай ХҚКО-ға бару керектігіне баға бере алады. Яғни, егер оған көші-қон саласы бойынша қызмет керек болмаса, уақытша тіркеу қызметі бойынша қызмет алушылар ағыны көп ХҚКО-ға бару қажет емес, ол келушілер саны аз кез келген басқа Орталыққа жүгіне алады" - деп қосты Гүлжан Асанова.

Сонымен қатар, Гүлжан Асанова әзірге тек Астана және Алматы қалаларындағы ХҚКО-ларда жүктемені көруге болатынын, жақын арада Қазақстанның басқа ХҚКО-ларында келушілер санын бақылау мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті. Ақпарат әр сағат сайын жаңартылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети