28 қаңтар 2015 09:32

Астана мен Шығыс Қазақстанда сабақтар тағы да тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Марат Әбілов ©Марат Әбілов

Астана мектептерінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Астана мектептерінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты сабақ болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада ауа температурасының төмен болуына байланысты 28 қаңтарда астаналық мектептердің бірінші ауысымда оқитын 1-4 сынып аралығындағы оқушыларға сабақтың болмайтыны айтылған.

Сабақтар Шығыс Қазақстан облысында да тоқтатылып отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Зырян қаласында ауа температурасының төмен болуынан 1-9 сынып аралығындағы оқушыларға сабақтар тоқтатылған, ал Көкпекті ауданында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды, Аягөз ауданында болса екі ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.  

Еске сала кетейік, аяздан Астанадағы мектептептердің бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылған болатын. Ал Шығыс Қазақстан облысында 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар, кәсіптік мектептердің, лицейлер мен колледждердің 1-2 курстары сабаққа бармаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети