24 наурыз 2018 16:36

Астана мен тағы екі өңірде дауыл соғады. Мамандар ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана, Ақмола облысы және Маңғыстау облысының тұрғындарына қатты жел тұрып, жауын-шашын түсетініне байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Астана, Ақмола облысы және Маңғыстау облысының тұрғындарына қатты жел тұрып, жауын-шашын түсетініне байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"25 наурызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. 25 наурызда тәулік бойы көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді", - дейді мамандар.

Ал Астанада күндіз 25 наурызда кей уақыттарда қатты жауын-шашын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ, бұрқасын. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз екен.

"26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының жекеленген өзендерінде   оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен  қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасу, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтіледі. 26-27 наурызда Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жекеленген өзендерінде оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен  қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтіледі", - делінген хабарламада.

25-30 наурызда Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жылынуы мен жауын-шашын күтілуіне байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі мен жайылма аудандарға судың шығу қаупі бар. 25 наурызда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады.

26 наурызда Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) ауа температураларының жылынуының жалғасуына байланысты  мұз кептелісі, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға су шығу үрдістері жүруі мүмкін екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети