26 тамыз 2015 12:16

Астана полицейі бір әйелді босандырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицей Астана бекетінде әйел адамды босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық полицей Астана бекетінде әйел адамды босандырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 25 тамызда сағат 16.00 шамасында патрульдік полицейлерден "Ауди" көлігінің жүргізушісі көмек сұрайды. Ер адам әйелінің толғағы келіп жатқанын, ауруханаға жетіп үлгермейтінін айтады. Полицейлердің бірі жедел жәрдем қызметін шақырып, ол келгенге дейін әйелді өзі босандырып алып, нәрестінің кіндігін кеседі. Оқиға орынына келген жедел жәрдем нәресте мен оның анасын перинаталдық орталыққа жеткізген.
Анасы мен баласының жағдайы жақсы екендігі хабарланды. Нәресте 3 келі салмақпен туылған, анасы да дәрігерлердің қарауында. Бұл әйелдің бесінші баласы екен.
"Бақыт Әлімқұлов та бес баланың әкесі. Полиция қызметкері осыған дейін де бекетте бірнеше рет әйелдерді босандырғанын айтты", - деп жазылған ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети