25 қазан 2016 10:36

Астана полициясы жауапсыз құрылысшылардың тізімін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметі жауапсыз құрылысшылардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметі жауапсыз құрылысшылардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, 11 құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

"Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасының өндірісінде "Комфортный дом" ЖШС, "GrandElite-NS" ЖШС (Қызжібек көшесінде орналасқан "Sky city" ТК,); "Бақыт 11" ЖШС (Құдайбердіұлы көшесі қиылысы мен Мұстафин көшесінің бұрышында орналасқан "Жастар - 4"); "Black Gold Developent" ЖШС (Орынбор көшесі мен 26 көшесі бұрышы ЖК "Байтау",); "НМ-АстанаКурылыс" ЖШС (Төлебаев көшесі бойында орналасқан ЖК "Арыстан"); "КазгазАстана НС" ЖШС (ЖК "Зере 2", расположенный по ул.Кошкарбаева); "Алтын Сапа 2011" ЖШС (Ақан Сері көшесінде орналасқан "Зере" ТК,); "АлганТокболат" ЖШС (Тұран көшесі мен Сығанақ көшесі бұрышында орналасқан); "Элитстрой" ЖШС ("Мереем" ТК, Сығанақ көшесі мен Тұран даңғылының батыс бөлігі); "КапиталСтройСервис" ЖШС ("Гранитный" ТК, А.Иманов көшесі мен Бейсекбаев көшесінің қиылысында); "ИнвестЦентр" ЖШС (Тұран даңғылының батыс бөлігінде орналасқан "Шығыс" ТК) басшылығының, жауапсыз салушыларға қатысты қозғалған қылмыстық істер бар", - деп хабарлады полициядағылар.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген қылмыстық істердің аяқталу сатысында екені хабарланып отыр. Қылмыстық  қуғыңдау органы пәтерлерді, коммерциялық ғимаратарды және т.б. сатып алуға арналған келісімшарттарды жасасқан зардап шегушілердің түпкілікті тізімін қалыптастырып жатыр. "Осыған орай, полицияға шағымданбаған зардап шеккендерді Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасының тергеушілеріне шұғыл түрде 71-62-22, 71-63-34, 8 707-33-777-33, 8 705-516-50-01 байланыс телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз", - делінген полицияның хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети