03 маусым 2014 17:50

"Астана Таңдауы - 2014" байқауына дауыс беру жоғары көрсеткішті байқатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аstana.gov.kz ©Аstana.gov.kz

Елордада 1 маусым күні «Астана Таңдауы - 2014» байқауында ашық халықтық дауыс беру кезеңі басталып, алғашқы екі тәуліктің ішінде сайтта 2223 адам дауыс берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Елордада 1 маусым күні «Астана Таңдауы - 2014» байқауында ашық халықтық дауыс беру кезеңі басталып, алғашқы екі тәуліктің ішінде сайтта 2223 адам дауыс берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Байқауға қатысуға байланысты өтініштерді қабылдау науқаны сәуір айынан мамырдың соңына дейін жүргізілген болатын. Осы уақыт ішінде 250 өтініш келіп түсіп, оның ішінен тек 195 номинант іріктелініп алынған. Қазір олар дауыс беруге қатысуда.

Ең көп өтініш мұғалімдерден келіп түскен - 65, екінші орында энергетиктер - 39, үшінші дәрігерлер - 31, содан кейін құрылысшылар - 25, жүргізушілер - 14, учаскелік полиция инспекторлары - 13 және жол жөндеушілер - 8.

Дауыс беруге тіркелген пайдаланушылар ғана қатыса алады. Дауыс беру кезеңінде әр аталым бойынша бір үміткерге бір рет қана дауыс беруге болады. Дауыс беру парақшасында қатысушылар әр санат бойынша алфавит бойынша жазылған.

"Астана Таңдауы" байқауының мақсаты қала тұрғындарының пікірінше үздік маман иелерін: педагогты, қоғамдық көлік жүргізушісін, учаскелік инспекторды, дәрігерді, энергетикті, жол жөндеуші мен құрылысшыны анықтау.

Байқау жеңімпаздары халықтың құрметіне ие болады және Астана қаласының әкімі оларға кубок пен мақтау қағазын табыс етеді. Сонымен қатар, жеңімпаздар туралы шағын деректі фильм түсіріліп, фотосессия ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Астана  көшелерінде үздік маман иелерінің бейнесі мен есімдері жазылған билбордтар орнатылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети