04 қыркүйек 2014 11:38

Астана - Тбилиси рейсі 2015 жылы ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

2015 жылы Астана - Тбилиси рейсі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Инвестициялар және даму министрлігінің туризм департаментіне сілтеме жасап.


2015 жылы Астана - Тбилиси рейсі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Инвестициялар және даму министрлігінің туризм департаментіне сілтеме жасап.

"2015 жылы Астана - Тбилиси бағытында жаңа тұрақты рейс ашылады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен бірге, Грузияда 2014 жылдың 1 қыркүйегінде "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы" заңға енгізілген өзгертулердің күшіне енгені хабарланып отыр. Бұл өзгертулерге байланысты Грузиямен арада визасыз тәртіп орнатқан елдердің (Еуроодақ, НАТО, ТМД елдері) азаматтары Грузия аумағында халықаралық тәжірибеге сәйкес, 90 күн визасыз жүре алады. Егер Қазақстан азаматы Грузияда 90 күннен артық уақытқа қалғысы келсе, ол эмиграциялық виза алуы тиіс.

Грузия елшілігінің мәліметінше, Қазақстан екі ел арасындағы тікелей инвестицияларды іске асыру мен туризмді дамытуда жетекші орында. Грузия Ұлттық туризм агенттігінің статистикалық мәліметіне қарағанда, 2013 жылы Қазақстаннан Грузияға келген туристер ағыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 39%-ға артқан, ал биылғы 8 ай ішінде 45%-ға өсіп отыр.

Қазіргі уақытта Алматыдан Тбилисиге аптасына бес рет тікелей рейс қатынайды. Бұл рейске сұраныстың артуына байланысты "Эйр Астана" әуе компаниясы Embraer 190 лайнерін жаңа Airbus-қа алмастыру туралы шешім қабылдады. Сонымен бірге, Тбилисиге Ақтаудан аптасына үш рет тікелей рейстер бар. 2015 жылы әуе компаниясы Грузия мен Қазақстанның астаналарын байланыстыратын болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети