16 қыркүйек 2014 10:39

Астана түбінде алғаш рет алып бекіре өсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Ақмола облысының тұрғыны бұған дейін ешкімнің қолынан келмеген істі жүзеге асырды. Жеке кәсіпкер Астана маңынан өзі қазып, дайындаған тоғанда алып бекіре өсіріп шығарды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ақмола облысының тұрғыны бұған дейін ешкімнің қолынан келмеген істі жүзеге асырды. Жеке кәсіпкер Астана маңынан өзі қазып, дайындаған тоғанда алып бекіре өсіріп шығарды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ресейден әкелінген бекіре шабақтары соңғы бірнеше айда 10 килограмға дейін салмақ жинаған. Сол себепті алып балықтарды аулау үшін Каспийге барудың еш қажеті жоқ. Оның үстіне соңғы уақыттарда елімізде бекіре аулауға мораторий жарияланғаны белгілі. Бұл бастама EXPO-2017 көрмесіне келушілер үшін үлкен сый болғалы отыр.

"Бұл жұмысты бүгіннен бастасақ, 2017 жылға қарай көрмеге келушілер Щучинск көлінде жүзетін сібір бекіресін дәл Астана түбінде көргенде таңқалмай қалмас", - дейді Ғалымов.

Кәсіпкердің айтуынша, Солтүстік Қазақстан өңірі бекіренің өсіп-жетілуі үшін қолайсыз аймақ саналып келген. "Бұған дейін балықтың бұл түрі бұл аймақта тіршілік ете алмайтындай көрінетін. Ал біз балықтың бұл түрін өсіре алдық. Ихтиологтар бекіренің Есілде жерсініп кететініне сендіріп отыр", - деді Ғалымов.

Астана маңынан бекіре өсіруге астаналық шенеуніктер қазірдің өзінде қызығушылық танытуда. "Мұны тек бастамасы деп ұққан жөн. Алдағы 5-10 жылда солтүстік облыстар балықтың мол өнімін алатын аймаққа айналып, ішкі нарықпен қатар, өнім түрлерін  шет елдерге де шығаратын болады", - деді "ҚазАгро" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Мамандар егер мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болса онда бекіре балығын Есіл мен Ертісте де, басқа да өзен-көлдерде өсіруге бек болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети