Астана тұрғындары кинотеатрлардағы кезекке шағымданып жатыр

15 Қараша 2016, 17:28
0
Астана тұрғындары кинотеатрлардағы кезекке шағымданып жатыр - © Facebook Іңкәр Шертышева
© Facebook Іңкәр Шертышева

Астана тұрғындары кинотеатрлардағы кезектерге шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қатарынан екі рет сейсенбіде киноға билет алу үшін 30-40 минуттай кезекте тұрдым. Бірінші рет барғанда күндізгі сағат 12 болатын. Кезегім жеткенде маған қызықты болған киноға орын мүлде қалмапты. Осылай болатынын біліп, келесі рет билет алып қою үшін жұмыстан біраз уақытқа сұранып кеткен едім, сонда да жұмысқа кезекте ұзақ тұрып қалғандықтан кешігіп қалдым", - деді Tengrinews.kz оқырманы Данияр Ахметов.

© Facebook Erzhan Malqovich

Кинотеатрлардың Facebook желісіндегі парақшасында 1 қарашада Алматы мен Астанада кезекте тұрған келушілердің суреттері жарияланған болатын.

©Facebook Kinopark Multiplex Cinemas

Өз кезегінде компания өкілдерінің Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында олар бұған қатысты жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

"Kinopark компаниясы кинотеатрларға келушілерге жайлы жағдай жасау үшін барын салып жатыр. Билеттерді онлайн сатылыммен сатуға және билеттерді сатып алатын орындардың санын көбейту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Келушілерімізден кешірім сұраймыз және осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз", - деді компания өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай