Астана тұрғындарына үй қаптамаларының түсуі мүмкін екені ескертілді

31 Наурыз 2017, 12:27
0
Астана тұрғындарына үй қаптамаларының түсуі мүмкін екені ескертілді -

Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан төтенше жағдайлардан абай болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап. 

"ПИК-терге үйлердің қасбеттерін тексеру және тұрғындарды уақытылы хабардар ету тапсырылды. Тұрғын үйлердің қаптамалары, керамогранит, алюкобонд, парапет құлауын байқасаңыз, қызмет көрсетуші ұйымға немесе тіршілікті қамтамасыз ету бөлімдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Бұл хабарламаны қала әкімі Әсет Исекешев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Әкімдіктегілер қандай да бір жағдай болса, мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұрайды: 

- "Алматы" ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 36-34-07, 8-702-444-52-99. 

- "Сарыарқа" ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 55-66-06, 8-778-781-49-89.

- "Есіл" ауданының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: 57-45-59, 8-701-999-55-52. 

- Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы: 32-14-04.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, жұма күні, 31 наурызда елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынды, көктайғақ болады. "Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +2…+4°С болады", - деді елорда әкімдігіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай