27 қаңтар 2014 17:39

Астана ұрлық-қарлық жөнінен көш бастайды - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев. ©Tengrinews.kz ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев. ©Tengrinews.kz

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Астанадағы қылмыстық статистиканы жария етті. Оның айтуынша, елорда қылмыс саны жөнінен өзге қалалар арасында көш бастайды, бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. "Бүгінде Астана әдетте қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп деңгейін анықтауға көрсеткіш болатын ұрлық, тонау, бұзақылық, қыз зорлау сияқты қылмыстардың өсуі бойынша ең алғашқы орында. Сондықтан қазіргі уақытта біз астана тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қолға алып, тиісті тәртіп орнатуымыз керек", - деді Дауылбаев Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында. Бас прокурордың айтуынша, Астанада ауыр қылмыстар санының да күрт өскені байқалады. "Орташа республикалық көрсеткіш 10% болса, астанада мұндай қылмыстар саны 90%-ға артып отыр. 2014 жылға және кейінгі жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы салалық бағдарламаның күні бүгінге дейін жасалмағанын айта кету қажет. Бұл бағдарлама бойынша жауап орган - Ішкі істер министрлігі", - деді Бас прокурор. Дауылбаевтың мәліметінше, қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың саны бүкіл ел бойынша 17%-ға артқан, олар Қазақстан бойынша жасалған қылмыстардың үштен бірін құрайды. "Астанада мұндай қылмыстар саны 87%-ға көбейгендіктен ол бұл жағынан қолайсыз өңірлердің қатарында көрініп отыр. Бұл - республика бойынша ең нашар көрсеткіш", - деді ол. Бас прокурордың айтуынша, Астанада қылмыстық ахуалдың нашар болуына ең алдымен ішкі көші-қонның бейберекеттігі себеп. "Барлық қылмыстардың жартысынан астамын өзге өңірлерден келушілер жасайды", - дейді Дауылбаев. Асхат Дауылбаев бұған учаскелік инспекторлардың тиімсіз жұмысы мен олардың тапшылығын да себеп ретінде атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Астананың көңіл көтеру орындарында бейнебақылау жүйесі жоқ, олардың әрбір үшіншісі күзет қызметінсіз жұмыс істейді. 2013 жылы осындай орындардан құқық бұзушылық туралы 10 мыңнан астам хабарлама түскен. Ведомство басшысының айтуынша, Астана мен Ақмола облысында ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі де төмен. Астана бұл жағынан да өзге өңірлерді артқа тастайды екен. Дауылбаевтың сөзіне қарағанда, 2,5 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған күні-ақ тоқтатылған, оның 90%-ы - Астананың үлесінде. "Астанада 447 ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша, тіпті, жедел есепке алу ісі жүргізілмеген кезде қылмысты ашу жөнінде қандай сөз қозғауға болады?" - деп наразылық білдірді Бас прокурор.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети