Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана вокзалында антитеррорлық оқу-жаттығулары өтеді

10 Қазан 2015, 11:15
0
ҚР ҰҚҚ Арнайы жасағы © РИА
ҚР ҰҚҚ Арнайы жасағы © РИА

Астана теміржол станциясында терроризм актісінің жолын кесу және теміржол пойызына тигізетін зардаптарын жою жедел тактикалық жаттығуы өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылға арналған терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабының жоспарына сәйкес, биыл 10 қазанда сағат 11.00-13.00 аралығында "Астана" теміржол станциясында терроризм актісінің жолын кесу және теміржол пойызына тигізетін зардаптарын жою жедел тактикалық жаттығуы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты  кепілдікке алынған және қолдан жасалған жарылғыш құралдарын қолданумен терроризм актісінің қаупі туындаған жағдайда Штаб күштері мен құралдарының өз міндетін атқару дайындығын тексеру болып табылады. Жаттығуларды өткізу темір жол вокзалының қызметіне және пойыз қозғалысының уақытына әсер етпейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 27 тамызда Алматыдағы Бостандық ауданында антитеррорлық оқу-жаттығулары өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай