21 қаңтар 2018 14:54

Астана алдағы аязға дайын ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астаналық энергетиктер аязға байланысты тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астаналық энергетиктер аязға байланысты тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен бұл іске жауапты басшылар күннің суытуына орай энергетикалық кешеннің дайындығын тексеру мақсатында жиналыс өткізген. Сонымен қатар, қаланы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған қосалқы станциялар, соның ішінде "Шұбар" станциясы, "Астана РЭК" АҚ орталық диспетчерлік бөлімшесі электр жүйесінің жұмысы тексерілді. 

"Жиында энергетикалық кешендердің басшылары аязға дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады. Күн тәртібіне тәулік бойы кезекшілік қою, электр жүйелерінің жұмысын 10 пайызға, жедел бригада жұмысын екі есеге арттыру тұр. Сондай-ақ, аяз кезінде жауапты мамандар мен тәулік бойы кезекшілік ететіндердің жұмыс кестесі жасалынып, жылу станцияларын құру тапсырылған ЖЭО-2-нің дайындығы да тексерілді", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта 30 тәулікке жететін көмір қоры мен 15 күнге жететін мазут отыны бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 45 градусқа дейін аяздың болатыны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети