27 қазан 2016 14:24

Астанада 14 мыңға жуық пәтер заңсыз жалға беріледі - Исекешев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 14 мыңға жуық пәтер заңсыз жалға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.


Астанада 14 мыңға жуық пәтер заңсыз жалға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

"9 мың пәтер заңды түрде жалға беріліп, 3 пайыз көлемінде салық төлейді. Сондай-ақ, біздің мәліметімізше, 14 мың пәтер заңсыз жалға беріліп, бюджетке салық төлемей жүр", - деді әкім EXPO-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары бойынша отырыста.

Сондай-ақ, Исекешев елордада қылмыстық жағдайдардың неден болатынына мысалдар келтірді. Оның айтуынша, бұған себептердің бірі - тіркелмеген азаматтар.

"Қылмысқа тікелей қатысы жоқ мәселелер көптеп кездесіп жатады. Қылмыс деп отырғанымыз тек адам өлтіру мен қарақшылық емес. Сондай-ақ, басқа да ереже бұзушылықтар. Бірыңғай такси қызметін құруға тапсырма берілді. Бізде такси мәселесі де реттелмеген. Атышулы кісі өлімдері мен бірнеше тонау деректері болды. Біз такси жүргізушілеріне лицензия бере алмаймыз. Мен былай деймін: "Астана үшін мынандай жағдай жасайық - бізге такси жүргізушілерін қамауға алуға немесе оларға лицензияға беру рұқсат беріңіздер. Әйтпесе, бұл мәселе шешілмейді", - деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қоқыстарды тастауға қатысты да шешілмеген мәселелер бар. "Егер де статистика мәліметтерін алатын болсақ: қанша адам қоқысты шығарады. Бізде 500 мың адам қоқыс тастайды. Бір пәтерде бір адам тіркеуге тұрып, онда 23 адам тұра береді. Ұсақ ереже бұзушылық болса да, ол жалғасып барады", - деді әкім. Сонымен қатар, Парламентке қала мен көрме қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін заңнамаға өзгертулер енгізудің жоспарда бар екенін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети